ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 27 қазан күні Өскемен қаласында 7-11 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спорт бойынша балалардың зерттеу жұмыстарының «ДШЖСБЗ» облыстық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.
Мақсаты – білім алушылардың дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесі әдістемесін жетілдіру және дарынды білім алушыларды анықтау.
Конкурс үш кезеңде өткізіледі:
1-ші кезең – мектепішілік (2026 жылғы қыркүйек-қазан);
2-ші кезең – аудандық/қалалық (2026 жылғы қазан);
3-ші кезең – облыстық (2026 жылғы 27 қазан, Өскемен қаласы).
Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша әр аудан/қаладан үшінші кезеңге қатысу үшін бір жеңімпазды ұсынады.
Әр кезеңге өтінім жеке беріледі.
Облыстық кезеңге қатысуға өтінімдер (1-қосымша) Конкурс басталғанға дейін 5 күн бұрын Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, каб. 106, vk_ocfk@mail.ru e-mail бойынша ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына беріледі.