Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 15-16 қазанында оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, талантты оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, логикалық ойлауын дамыту мақсатында 1-2, 3-4, 5-6, 7-8, 9-10 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушыларды Конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды.Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.
Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-lineтестілеу 2026 жылдың 15 қазан күні сағат 09:00-ден бастап 16 қазаны сағат 20:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады.
Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.
Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 700 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді АҚ «Қазақстан Халық Банкі» (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), АҚ «Центр Кредит Банкі» («Дарын» ғылыми-әдістемелік даму орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.
Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден ағымдағы жылдың 6 қарашасына дейін vko.intellect@mail.ru электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады. Конкурстың қорытындысы бойынша берілген өтінімге сәйкес грамоталар мен сертификаттарын Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайынан алуға болады.
Электронды форматты тізім үлгісі:
|
№ |
Орын |
Қала/аудан |
Мектебі |
Сыныбы |
Қатысушының тегі, аты |
Дайындаған мұғалімнің аты-жөні |