+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы
28 Қыр, 15:17

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Олимпиада ағылшын тілінде төрт кезеңнен тұрады:

І кезең – мектепішілік кезең – ағымдағы жылдың 5 қазанында офлайн форматта (тест түрінде) өтеді;

ІІ кезең – аудандық/қалалық кезең – ағымдағы жылдың 23 қазанында Smart Daryn платформасында;

ІІІ кезең – облыстық кезең – 26 қарашасында Smart Daryn платформасында;

ІV кезең – республикалық – 2027 жылғы 19 қаңтарда SOOM платформасында өтеді.

Олимпиада Ережесі, І (мектепішілік) кезеңін өткізу тәртібі мен хаттамасы қоса беріледі.

2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін Олимпиада кезеңдерін өткізуге және академиялық адалдықты сақтауға жауапты маман туралы ақпаратты (аты-жөні, байланыс телефоны, e-mail) vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.