+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХІХ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі
«Келешек мектептері» оқушылар арасындағы облыстық командалық шахмат турнирінің ЕРЕЖЕСІ
25 Қыр, 09:55

1. Жалпы ережелер

«Келешек мектептері» ұлттық құрамасының турнирі – Қазақстанның барлық аймақтарынан «Келешек мектептері» желісіндегі мектептердің командаларын біріктіретін шахмат жарысы. Турнир бірнеше кезеңнен тұрады: қалалық/аудандық, облыстық, республикалық. Жоба шахмат қозғалысын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және ел бойынша «Келешек мектептері» оқушылары арасында байланыс пен бәсекелестік үшін бірыңғай алаң құруға бағытталған.

2. Жарыстың мақсаттары мен міндеттері

- «Келешек мектептері» оқушылары үшін бірыңғай ұлттық шахмат платформасын құру, интеллектуалдық қабілеттерді, стратегиялық ойлауды және командалық жұмысты дамытуға ықпал ету;

- «Келешек мектептері» оқушылары арасында шахматты танымал ету;

- «Келешек мектептері» оқушылары арасында ең мықты шахматшыларды анықтау;

- Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы мектептер арасында байланыс орнату және тәжірибе алмас үшін жағдай жасау.

3. Жарысты өткізуге басшылық және өткізу орны. Ұйымдастыру комитеті.

Бұл жарыстың ұйымдастырушылары – ШҚО білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).

3.2. Турнирдің өтетін орны мен уақыты – Өскемен қаласы, 2026 жылғы 9 қазан.

3.3. Ұйымдастыру комитеті – төрешілер алқасын тағайындайды және қатысушыларды қабылдау туралы шешім қабылдайды.

4. Кезеңдері, қатысушылар

 

     4.1. Өткізу кезеңдері

     Аймақтық турнир – аймақ мектептерінің командалары арасында жеңімпаздарды анықтау мақсатымен өткізілетін жарыс.

      Республикалық кезең – «Келешек мектептері» желісіндегі ең мықты команда атағы үшін өтетін финалдық турнир.

     4.2. Қатысушылар

     Турнир түрі: командалық турнир.

     Әр команда 4 негізгі ойыншыдан және ойындарға қатыспайтын 1 капитаннан (ересек адамнан) тұруы керек.

  

Спорт түрі

Команда құрамы

Жас санаты

Ұлдар

Қыздар

Бапкер-өкіл

 

 

 

Шахмат

1-4 сынып

1

 

 

 

1

 

5-8 сынып

1

 

 

9-1 сынып

1

 

 

1-11 сынып

 

1

 

 

      1 тақта – 9-11 сынып оқушылары

      2 тақта – 5-8 сынып оқушылары

      3 тақта – 1-4 сынып оқушылары

      4 тақта – 1-11 сынып оқушылары – қыздар тақтасы

      Қыздарға 1-3 тақталарда қатысуға рұқсат етіледі.

4.3. Аймақтық іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен команда Республикалық жарысқа қатыса алады. Егер аймақтық іріктеу кезеңінде 1 орын алған команда Республикалық жарысқа қатысудан бас тартса, онда қатысу құқығы келесі орын алған командаға өтеді.

4.4. Барлық команда мүшелері бір мектептің оқушылары болуы керек.

4.5. Командалық шахмат турниріне қатысуға өтінім құжаттары жарыс басталардан 10 күн бұрын ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына мына мекенжай бойынша беріледі: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, 1-қабат, 106 каб, e-mail: vk_ocfk@mail.ru.

Мандаттық комиссияға келесі құжаттар беріледі (Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда қатысушы жарысқа жіберілмейді):

1) аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған дәрігер куәландырған стандартты үлгідегі өтінім (қосымша №1;

2) қатысушының жеке куәлігі (туу туралы куәлік);

3) оқушының осы оқу орнында оқитынын растайтын фотосуреті бар қатысушының жеке карточкасы (қосымша №2);

4) аудандық/қалалық білім бөлімдерінің команда мен команда өкілінің жолдамасы бойынша, қауіпсіздік техникасын сақтау, катысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі хаты (бұйрығы);

5. Турнирді өткізу жүйесі

 

      5.1. Турнир «Swiss Manager» бағдарламасын пайдалана отырып, 7 турдан тұратын швейцарлық жүйе бойынша өткізіледі.

      5.2. Командалар аз болған жағдайда жарысты өткізу жүйесі мен турлар саны өзгертілуі мүмкін.

      5.3. Уақыт бақылауы – «рапид». Әрбір бірінші жүрістен бастап партия соңына дейін 10 минут+ әрбір жасалған жүріс үшін 5 секунд беріледі. Турға кешігуге рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 10 минут.

      5.4. Жарыс Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) ережелеріне сәйкес өткізіледі және рейтинг есептеледі.

       5.5. Жарыс жеңімпаздары барлық матчтарда жинаған командалық ұпайларының ең көп саны бойынша анықталады (жеңіс – 2 ұпай, тең ойын – 1 ұпай, жеңіліс – 0 ұпай). Екі немесе одан да көп команданың командалық ұпайлары тең болған жағдайда, жеңімпаздар келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:

а) команданың әрбір мүшесі жинаған ұпайлардың жалпы саны (game-points);

б) матчтағы (матчтардағы) өзара кездесу нәтижесі;

с) командалық Бухгольц коэффициенті.

5.6. Әр тақтадағы жеке есеп келесі көрсеткіштер бойынша анықталады:

а) партиялар үшін жинаған ұпайлар;

б) өзара кездесу (бірдей ұпай жинаған ойыншылар арасындағы нәтиже);

с) Бухгольц коэффициенті.

5.7. Команда капитаны техникалық кеңес аяқталғанға дейін төрт негізгі ойыншының тақталар бойынша белгіленген тәртіптегі тізімін ұсынуға міндетті. Бұл тәртіп турнир бойы өзгеріссіз сақталады. Ойыншыларды тақталар бойынша рейтингке сәйкес орналастыру талабы қойылмайды.

5.8. Жұпта бірінші көрсетілген команда тақ нөмірлі тақталарда ақ фигуралармен, ал жұп нөмірлі тақталарда қара фигуралармен ойнайды.

6. Марапаттау

6.1. Шахмат турнирінде І, ІІ және ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.

7. Қаржыландыру

7.1. «Келешек мектептері» арасындағы командалық шахмат турнирін қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

7.2. Командаларды іссапарға жіберуге (тұру, тамақтану, екі жаққа жол жүру, жолдағы тәуліктік) байланысты шығыстарды іссапарға жіберуші ұйым (білім бөлімдері, аудан және қалалардың спорт бөлімдері) төлейді.