2013 жылдың 16 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ - түрік лицейімен бірлесіп «Нұрорда» Халықаралық мектебінде аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика - логикалық олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету.
Облыстық кезеңге аудандық, қалалық олимпиадалардың жеңімпаз оқушылары қатысты.
Оның қортындысы бойынша үздік ұпай жинаған оқушылар сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды (тізім қоса беріледі).
«Сәйгүлік» олимпиадасының қорытындысы бойынша Зайсан ауданы 1 - орын, Жарма мен Аягөз аудандары 2 - орын, Тарбағатай, Абай және Шемонаиха аудандары 3 - жалпы командалық орындарды иеленді.