+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
2–8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
22 Қыр, 16:51

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңі өткізіледі.

2026-2027 оқу жылында 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ережелер зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру, Конкурсты өткізу мен бағалау талаптарын біріздендіру, академиялық адалдықты нығайту және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру мақсатында жаңартылды.

 Конкурс келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТ

 

Секция

Пәні, факультатив

1

Математика және қолданбалы математика

Математика (2-6), Алгебра және Геометрия (7 8), қаржылық және математикалық сауаттылық

2

Физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар

Жаратылыстану, Дүниетану, География, Физика, STEM

3

Туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі

Дүниетану, География, Дене шынықтыру, Өлкетану, Жеке қауіпсіздік, Жаһандық құзыреттер

4

Химия және биология

Жаратылыстану, Биология, Химия

5

Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия

Цифрлық сауаттылық және ЖИ (2-4), Информатика және ЖИ (5-8), Математика, Робототехника, Көркем еңбек

6

Экология, адам денсаулығы және психология

Жаратылыстану, Биология, География, Дене шынықтыру, Жаһандық құзыреттер

ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ

 

Секция

Пәні, факультатив

1

Қазақ тілі және әдебиеті

Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу, Қазақ әдебиеті

2

Орыс тілі және әдебиеті

Орыс тілі, Әдебиеттік оқу, Орыс әдебиеті

3

Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация

Шет тілі, екінші шет тілі, елтану және коммуникация

4

Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық

Дүниетану, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Конституция негіздері, Заң және тәртіп, Жаһандық құзыреттер

5

Этномәдениеттану және мәдени мұра

Дүниетану, Тарих, Әдебиет, География, Музыка, мәдениеттану элементтері

6

Технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар

Еңбекке баулу, Бейнелеу өнері, Музыка, Көркем еңбек, дизайн және медиашығармашылық

 

Қалалар мен аудандар бойынша білім бөлімдерінің басшылары, облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары:

1).Конкурстың қалалық/аудандық кезеңдерін ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін өткізу керек;

2).Конкурстың облыстық кезеңі 2026 жылдың қараша айының І онкүндігінде өткізілу жоспарланған;

3) облыстық кезеңге қатысуға 1,2,3,4,5 формаларға сәйкес толтырылған құжаттарды, сұранысты, Конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын (электронды нұсқасын) ШҚ ДпҚББДҒӘ «Дарын» орталығына тапсыруыңыз қажет.

4) есептерді, қатысуға өтінімді және жұмыстарды кестеге сәйкес (Ережеге сәйкес қағаз және электронды нұсқасын) 2026 жылдың 20 қазанына дейін тапсыру керек. Кесте қоса берілген.

Облыстық кезеңге әр қаладан (ауданнан) әр секция бойынша бірінші орын алған 4 жұмысқа дейін ұсынылады (2-4 сынып арасында 2 жұмыс, 5-8 сынып арасында 2 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.