2026 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
Іс-шара «Дарын» Шығыс Қазақстан білім беру-сауықтыру орталығында жоғары деңгейде өтті.
Турнир өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанған Қазақстан Республикасының барлық 20 өңірінен келген 180 талантты жас спикердің басын қосты.
Турнирдің басты мақсаты - білім алушыларда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ елдегі өзекті мәселелерді талдау және оларды кең аудитория алдында талқылау арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Жарыстар үш тілдік лигада өтті: қазақ лигасы, орыс лигасы және ағылшын лигасы.
Республикалық пікірсайыс турниріне Шығыс Қазақстан облысынан 9 оқушы қатысты.
Зияткерлік сайыс мәресіне жетіп, еліміздің ең мықты және ең керемет спикерлерін анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ерасыл Құмарғазы ағылшын лигасының «Үздік аналитик» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпазды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!