Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын қашықтықтан 2026 жылғы 20 қыркүйек мен 20 қазан аралығында өткізетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімді және жұмыстарды Ереже талаптарына сәйкес (Қосымша) 2026 жылдың 20 қазанына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.