Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 24-25 қыркүйегі аралығында оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады, оқушылардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Конкурс барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. Конкурсқа қатысу ақысыз.
Конкурс бір уақытта онлайн режимінде өткізіледі. Оn-line тестілеу 2026 жылдың 24 қыркүйегі күні сағат 09:00-ден бастап 2026 жылдың 25 қыркүйегі сағат 20:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) www.shygysdaryn.kz сайтында қолжетімді болады.
Конкурс 4 нұсқасы бар 30 мәтіндік тест тапсырмаларынан тұрады. Конкурс тапсырмаларын орындау – 60 минут.
Конкурстың қорытындысы бойынша ата-аналарының (заңды өкілдері) қалауы бойынша ниет білдірген жағдайда жүлдегерлерге грамоталар, қатысушыларға сертификаттарды басып шығару үшін (құны 700 тг.) өтінім қабылданады.Төлемді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО Дарын қатысу), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «ЦентрКредит Банкі» АҚ («Дарын» дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.
Грамоталар мен сертификаттарға өтінімдер төлемақы түбіртегінің көшірмесімен білім бөлімдері/мектептерден ағымдағы жылдың 9 қазанына дейін vko.intellect@mail.ru электронды поштасында төмендегі үлгі бойынша қабылданады. Конкурстың қорытындысы бойынша берілген өтінімге сәйкес грамоталар мен сертификаттарын Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21 мекенжайынан алуға болады.
Электронды форматтағы тізім үлгісі:
|
№ |
Орын |
Қала/аудан
|
Мектебі |
Сыныбы |
Қатысушының тегі, аты |
Дайындаған мұғалімнің АЖТ |