+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Халықаралық олимпиада жүлдегері — Мемлекет басшысымен кездесуде
25 Там, 08:16

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздар мен жүлдегерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге шақырылғандардың қатарында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Козленко Алан болды.

Аланның Қазақстан құрамасы сапында географиядан халықаралық олимпиадада (IGeO) жоғары нәтиже көрсетуі оған Мемлекет басшысымен кездесуге мүмкіндік берді.

Жас зияткер үшін мұндай кездесуге қатысу — елеулі оқиға әрі оның жетістіктеріне берілген жоғары баға. Кездесу өз білімі, еңбегі мен табандылығының арқасында Қазақстанды халықаралық зияткерлік жарыстарда абыроймен танытқан дарынды оқушылардың басын қосты.

Мемлекет басшысы дарынды жастарды ғылыми жарыстарда тамаша нәтижелерімен құттықтап, оларға шынайы ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қажырлы еңбектің арқасында жеңіп алынған әрбір медальдің баға жетпес әрі маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Аланға ақшалай сыйақыға арналған сертификат табысталды. Бұл марапат оның жеке жетістігінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар алдағы уақытта одан әрі дамып, жаңа биіктерді бағындыруына берілген маңызды ынталандыру болды.

Беделді халықаралық жарыста топ жарған шәкірттердің ұстаздары мен тәлімгерлері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшінӨскемен қаласы «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді.

Мемлекет басшысымен кездесу — жас зияткердің еңбегі мен жетістігіне көрсетілген жоғары бағаның айқын көрінісі. Бұл маңызды оқиға Аланға жаңа мақсаттар қойып, білім жолында одан әрі ізденуге және биік белестерді бағындыруға серпін берді.