+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Ғазиз Байтасов атындағы жас жол қозғалысы инспекторларының ХХІ-ші республикалық және мемлекетаралық слетінің қорытындысы
24 Там, 09:33

2026 жылғы 12-21 тамыз аралығында Қостанай қаласындағы «Орленок» балалар лагерінің базасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетімен бірлесіп Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторларының XXI-ші республикалық және мемлекетаралық слетін өткізді.

Жас жол инспекторлары слетінде Қазақстан Республикасынан 20 команда, сондай-ақ ТМД-ның 6 мемлекетінен 11-14 жас аралығындағы балалар қатысты.

Слеттің құрметті қонақтары қатарында Әзербайжан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының жас жол инспекторлары болды.

Жас жол инспекторлары төмендегі байқаулар бойынша өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті:

1. жол жүрісі қағидаларының білгірлері;

2. үгіт бригада байқауы;

3. велосипедті мәнерлеп жүргізу;

4. автоқалашықта велосипед жүргізу;

5. жас реттеуші;

6. эрудиттер турнирі;

7. жас санитар (алғашқы медициналық көмек көрсету);

8. «үздік жол қауіпсіздігін насихатшысы» байқауы (ПД ЖПҚ қызметкерлері арасында);

9. «ашық үзіліс» байқауы (білім беру органдарының қызметкерлері арасында).

Слет қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы IІ жалпыкомандалық орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!