+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Ұлан ауданындағы семинарға қатысу қорытындысы туралы
15 Нау, 10:10

2013 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы Абай ауданында «Жас таланттар» секциясын жүргізді.

Оның жұмысына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары: п.ғ.к., химия кафедрасының доценті Д.А. Нурғалиева; б.ғ.к., биология кафедрасының доценті К.К. Бурунбетова; Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің тәрбие жөніндегі директордың орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Р.А.Сыздыков; Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика және информатика мамандандырылған мектебінің педагог - психологы С.К. Ильясова қатысты.

Семинардың бағдарламасына сәйкес оқытушылар Ұлан ауданының педагогтары мен ауданның олимпиада резервтері мектебінің  оқушыларымен пәндік лабораториялар, шеберлік сабақтарын, ғылыми кеңестер жүргізді. Сондай - ақ, пәндер бойынша мини - олимпиадалар өткізіліп, соңында тапсырмаларды орындау жолы түсіндірілді. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлдегер болды:

Оқушының аты-жөні

Мектеп

Сынып

Пәні

Орны

1

Хуак Еркегүл

Р.Марсеков ат. ОМ

11

химия

2

2

Мұратпеков Саят

Р.Марсеков ат. ОМ

10

химия

3

3

Хамзаев Абілмансұр

Р.Марсеков ат. ОМ

10

химия

3

4

Ахметқалиева Динара

Р.Марсеков ат. ОМ

10

биология

1

5

Тұрсұнғалиева Гүлжанат

Р.Марсеков ат. ОМ

10

биология

2

6

Камзина Еркежан

Р.Марсеков ат. ОМ

10

биология

3

7

Ибатуданова Керім

Р.Марсеков ат. ОМ

11

информатика

1

8

Аукенов Сержан

Р.Марсеков ат. ОМ

11

информатика

2

9

Шакенова Айсұлу

Р.Марсеков ат. ОМ

11

информатика

3

Семинарға қатысушылар үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Ең үздік жұмыстар Тоқтаров атындағы, Донское, Привольное, Таврия орта мектептерінен болды.  Семинар соңында қатысушылар үшін Молодежное кентіндегі музыка мектебінің жас өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.