+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Қазақстан оқушысы» 56-шы халықаралық көпкүндік веложарысының қорытындысы
13 Там, 15:30

2026 жылғы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында «Қазақстан оқушысы» 56-шы халықаралық көпкүндік веложарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Аталған жарысқа Шығыс Қазақстан облысынан 7 жас спортшы қатысты.

Жарыс нәтижелері бойынша, ШҚО командасының қатысушысы Қалымбеков Елназ 89 шақырымдық топтық жарыстың бірінші кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, ол 94 шақырымдық топтық жарыстың төртінші кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Жалпы командалық есепте Шығыс Қазақстан облысының жас велосипедшілер командасы 4-орынды иеленіп, үздік бестіктің қатарына енді.

Жеңімпаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!