+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК -да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
24 Шіл, 13:25

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21) 2026 жылғы 14 тамыздан 24 тамызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болған жағдайда келесі телефондар нөмірлері арқылы хабарласуыңызға болады: +7 (7232) 75-42-12, электрондық пошта: vk_daryn@mail.ru

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты – өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған өзара байланысты қағидаттардың, рәсімдердің және нақты іс-шаралардың жиынтығы.

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мақсаттары:

  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және жою;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету;
  • мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру

Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою;
  • қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тартылу тәуекелін азайту;
  • сыбайлас жемқорлық жағдайларында қызметкерлер әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу;
  • адамгершілік қағидаттары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық негіздерін оқыту әдістерін жетілдіру;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің қамтамасыз етілуі;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу;
  • қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын білуі және сақтауы міндеттілігін қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНДАРЫ:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы – 1424;
  • Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті – 8 (7232) 23-43-32;
  • Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы – 8 (7232) 24-32-99.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі құрылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – атқарушы органнан және лауазымды тұлғалардан тәуелсіз қызмет атқаратын, кәсіпорын директорына тікелей есеп беретін және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету барысында тәуелсіз болып табылатын қызмет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің құзыреті, ұйымдастырылуы мен тәртібі кәсіпорынның ішкі актісімен айқындалады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау

Егер Сіз мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының куәсі болсаңыз, келесі жолдармен хабарлай аласыз:

  1. Телефон арқылы: +7 (7232) 75-42-12;
  2. Пошта арқылы: 070000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК;
  3. Электрондық мекенжайға жазбаша: vk_daryn@mail.ru.