2026 жылғы 2-10 шілде аралығында Саха республикасының Якутск қаласында М.А. Алексеев атындағы математика, физика, химия және информатика пәндерінен оқушылардың халықаралық «Туймаада» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру, іргелі ғылымдармен айналысуға тарту, халықаралық ынтымақтастық пен қарым-қатынас нысандарын кеңейту.
Олимпиадаға Ресей, Индонезия, Иран, Қазақстан және Өзбекстан елдерінен дарынды оқушылар қатысты.
Жарыс оффлайн және онлайн форматта өтті. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары онлайн форматта қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша III дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
Амангелді Алдияр - Қазақстан ұлттық команда құрамының мүшесі, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
Есімхан Бекзат - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (информатика);
Айнабеков Денис - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия) марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін жоғары нәтижеге қол жеткізуімен құттықтаймыз!
Алда табыс пен жеңістер тілейміз!