2026 жылғы 21-24 маусым аралығында Абай облысында жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында ХХVIІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығы.
Абай оқуларына қатысушылар 5 номинация бойынша сайысқа түсті:
- «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы – Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу;
- «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы – Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу;
- «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында – Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау;
- «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы – оқушылардың өз өлеңдерін оқуы;
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы – Абай туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасау.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:
- ІІ орын: Мұратханұлы Мұхтар, Өскемен қаласының «Абай атындағы№ 33 орта мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы;
- ІІІ орын: Ермекова Сабина, Тарбағатай ауданының «Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша-кешені» КММ-нің 10-сынып оқушысы, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы;
- ІІІ орын: Мұратқан Кәусар, Тарбағатай ауданының «Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ-нің 8-сынып оқушысы, «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы.
Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практиқалық орталығының көрсеткен белсенділігі мен қол жеткізген ерекше жетістіктері үшін грамоталарымен:
- Тұрсын Балауса, Зайсан ауданының «Көгедай орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы;
- Аманбекқызы Аружан, Зайсан ауданының «Октябрь шағын жинақты негізгі орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы, «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша марапатталды.
Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!