+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің Гала концертінің қорытындысы
01 Мау, 17:32

2026 жылғы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында облыста тұңғыш рет аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалінің Гала-концерті өтті.

Фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін қолдап, дамытуды, олардың талантын шыңдауға жағдай жасауды, достық қарым-қатынасты нығайту мен балалар өнерін танымал етуді мақсат етеді.

Бес айға созылған «ШЫҒЫС BALAFEST» облыстық балалар шығармашылығы фестивалі мектеп, аудандық және облыстық кезеңдерден тұрды. Бұл ауқымды шараға 6 000-нан астам өнерпаз қатысты.

Гала-концерт барысында облыстық фестиваль жеңімпаздарының ең үздік шығармашылық нөмірлері көрермен назарына ұсынылды. Жоғары деңгейде орындалған вокалдық, хореографиялық қойылымдар мен аспаптық туындылар лазерлік шоумен көмкеріліп, нөмірлер арасындағы интерактивті үзілістер көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Гала-концертке қатысушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен облыс әкімі құттықтап, балаларды қолдау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол мұндай іс-шараларды өткізу балалар шығармашылығын дамытуға, дарынды балаларды қолдауға және өскелең ұрпақтың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға ықпал ететінін баса айтты.

Фестиваль салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды, оның барысында жеңімпаздарға облыс әкімінің атынан кубоктар, ақшалай сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

 

Барлық балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз қуаныш пен мейірімге толы болсын!