РҒП «Дарын» орталығының 2013 жылдың 17 - 18 сәуірі аралығында Алматы облысы Есік каласында дарынды балаларға арналған үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының көптілді оқыту тәжірибелерін тарату мақсатында «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің дамуын, көптілді оқыту жағдайындағы оқушыларды оқыту және тәрбиелеудің сапасын жақсарту» тақырыбында республикалық оқу - әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинарға қатысу үшін үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жетекшілері, психологтары мен мұғалімдері, дарынды балалармен жұмыс істейтін аймақтық орталықтардың өкілдері, жаратылыстану – математикалық бағыт пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер шақырылады.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kz сайтында берілген.
Семинарға келу күні 16 сәуір, қайту күні 18 сәуір.
Семинарға қатысу үшін өтінімді ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2013 жылдың 2 сәуіріне дейін төмендегі үлгі бойынша жіберу қажет.
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Аудан/ мектеп |
Қызметі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығыны (тамақтану және бару, қайту жолы) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтіледі.
E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс 8/7232/552112
Ақпаратты білім қызметкерлеріне жеткізулеріңізді сұраймыз.