2026 жылғы 1 маусымда Алматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Жасанды интеллект дәуірі: ІІ Жас зерттеушілер» атты форум өткізді.
Форумның мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыру, жасанды интеллект саласындағы заманауи бағыттармен таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Форум жұмысына еліміздің әр өңірінен келген жас ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар қатысты. Жасанды интеллекттің білім беру, медицина, ақпараттық технология, робототехника және ғылым салаларындағы мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Форумның қорытындысы бойынша үздік ғылыми әзірлеме номинациясында «Ақылды Ауыл» жобасы бойынша І дәрежелі дипломмен Тарбағатай ауданы Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушылары Ташенов Ералы, Бауыржанова Қымбат марапатталды.
Жеңімпаздарды жетістігімен құттықтаймыз! Алда табыс пен жеңістер тілейміз!