2026 жылдың 15-22 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Сочи қаласында биологиядан ОІВО халықаралық ашық олимпиадасы өтті.
Зияткерлік дода федералдық «Сириус» аумағы мен Ресей Федерациясы Оқу-ағарту министрлігінің «Талант және табыс» білім беру қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Биологиядан (ОІВО) халықаралық ашық олимпиадасы – бұл оқушылардың жетекші индустриялық серіктестердің қолдауымен өзекті биологиялық және биотехнологиялық мәселелерді зерттеуге және шешуге деген қызығушылығын дамытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға ықпал ететін заманауи серпінді дамып келе жатқан жарыс.
Қазақстан командасының құрамында Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Мұқашев Дарын қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Мұқашев Дарын биологиядан ОІВО халықаралық ашық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.
Дарынды және оның тренер-педагогтарын, ата-аналарын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!