+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Облыстық жол қозғалыс жас инспекторлары слетінің қорытындысы
22 Мамыр, 16:49

2026 жылғы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласының «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ базасында жас инспекторлар қозғалысы жасақтарының облыстық слетін өткізді.

Облыстық слетіне Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 11-14 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан 10 команда жас инспекторлары қатысты.

Жол қозғалыс жас инспекторлары келесі байқауларда өз дағдыларын көрсетті:

- жол жүру ережелерінің білгірлері;

- велосипедті мәнерлеп тебу;

- жас реттеуші;

- жас санитар;

- «заң мен тәртіп-қауіпсіз балалық шақ кепілі» үгіт-насихат бригадаларының конкурсы;

- білгірлер сайысы.

Сайыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарды келесі командалар иеленді:

1 орын – Өскемен қаласының «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ жасағы;

2 орын – Глубокое ауданының «Уварово орта мектебі» КММ жасағы;

3 орын – Алтай ауданының «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ жасағы.

Барлық жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және медальдармен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижеге қол жеткізулерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға сәттілік және жаңа жеңістер тілейміз!