2026 жылдың 19-22 мамыры аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:
- Дулатқызы Инабат - Тарбағатай ауданы Құйған орта мектебінің 7-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);
- Сиез Айсұлтан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);
- Нығмет Нұрасыл - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7-сынып оқушысы (биология) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
-.Сағибекова Айғаным - Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);
- Акилжанов Богдан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы (химия) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінің 7-сынып оқушысы Аллаберген Асыл (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының республикалық олимпиададағы ерекше жетістіктері үшін грамоталарымен:
- Сериккалиев Арсен - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7-сынып оқушысы (физика);
- Қайсанов Фархад - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы (физика).
- Сағындық Санжар - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 7-сынып оқушысы (химия);
- Надырова Николь - Алтай қаласы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы (ағылшын тілі);
- Коломысова Маргарита - Алтай қаласы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!