+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21 Мамыр, 16:47

2026 жылдың 18–20 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы 8–11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсына қатысты.

Конкурстың мақсаты – жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, ізгілікке, демократия мен азаматтық құндылықтарға негізделген тарихи білімді, дүниетаным мен өмірлік ұстанымды дамыту.

Байқау қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының қоржыны келесі жүлделермен толықты:

ІІІ орын – «Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу» номинациясында Өскемен қаласындағы №9 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ляпунова Юлия;

ІІІ орын– «Ә. Кекілбаев шығармалары (проза, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» номинациясында Өскемен қаласындағы №45 бейінді орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ғабдылманап Нұртас.

Жеңімпаздар ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!