+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының қорытындысы
20 Мамыр, 17:11

2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК.

Байқаудың мақсаты – білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, балаларды қосымша біліммен қамту.

Шығыс Қазақстан облысынан байқаудың облыстық кезеңінің 8 жеңімпазы қатысты.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:

І орын – Мезенцев Александр, Өскемен қаласы «Жас техниктер станциясы» КМҚК филиалының білім алушысы, Зайсан ауданының «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 6-сынып оқушысы;

ІІ орын – Толепбек Мирас, Зайсан ауданы «Шығармашылық орталығы» КМҚК-нің білім алушысы, «М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің 10-сынып оқушысы;

ІІ орын – Аманғазы Батырхан, Өскемен қаласы «Жас техниктер станциясы» КМҚК филиалының білім алушысы, Зайсан ауданының «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы;

ІІІ орын – Қайырғазыұлы Санжар, Өскемен қаласы «Жас техниктер станциясы» КМҚК филиалының білім алушысы, Зайсан ауданының «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы.

Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Жеңімпаз қатысушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!