+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы
19 Мамыр, 09:06

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 16 мамырда Өскемен қаласында№ 41 жалпы орта білім беретін мектебі базасында оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді.

Турнирге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен жалпы саны 90-ға жуық оқушы қатысты.

Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Қазақ лигасы бойынша:

І орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet А» командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі, «Ұлт – 22» командасы;

ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet D» командасы.

Орыс лигасы бойынша:

І орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, «The right ones» командасы;

ІІ орын – Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі, «Красная лига» командасы;

ІІІ орын – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейі, «Адал ұрпақ» командасы.

Ағылшын лигасы бойынша:

І орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, «The blessed» командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «Quick Minds» командасы;

ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet С» командасы.

Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Турнирде үздік қатысушылар қосымша «Үздік төрттік», «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік аналитик», «Ең конструктивті сөз», «Ребаттл шебері», «Импровизация шебері», «Тіл шебері» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары турнирдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.