Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты облыстық өлең байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Байқаудың басты мақсаты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени – адамгершілік құндылықтар, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқау жас ерекшеліктеріне қарай (5-7, 8-10 сыныптары) өткізіледі.
Байқаудың толық ережесі http://shygysdaryny.kzсайтында жарияланған.
Байқауға тапсырысты төмендегі үлгі бойынша, сонымен қатар оқушылардың жұмыстарын (квота бойынша) Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 (Шығыс Қазақстан ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы) 2013 жылдың 18 наурызына дейін жіберу қажет. Байланыс телефондары: 8/7232/70-13-44, 55-21-12. Эл. пошта: vk_daryn@mail ru
Үлгі түрі:
|
№ |
Аты - жөні |
Аудан/қала |
Мектебі сыныбы |
Оқу тілі |
Өлеңнің аты |
Байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|