+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауының қорытындысы
19 Мамыр, 09:01

2026 жылғы 14-15 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары арасындағы жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы өткізілді.

Фестиваль–байқауға еліміздің 20 аймағынан келген жалпы саны 700-ге жуық оқушылар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары-35 оқушы қатысты.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Өскемен қаласының «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК-нің 7 сынып оқушысы Таирбергенов Глеб «Жеке орындаушы» номинациясы бойынша III орынды иеленді.

 Глебке диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

 Глеб пен оның жетекшісін және ата-анасын құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!