+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы
18 Мамыр, 15:18

2026 жылдың 14 мамырында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, ғылыми білімге қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін қолдау.

Олимпиада Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің базасында smart.daryn.kz онлайн-платформасында өткізілді.

Олимпиада 8 пән бойынша өтті: жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі.

Олимпиадаға облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған 19 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен:

Мұратқызы Әмина – Тарбағатай ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

Куспеков Темирлан – Зайсан ауданы М. Ломоносов атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
 

II дәрежелі дипломмен Күршім ауданы №3 гимназиясының 5-сынып оқушысы Базарбек Айзере (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) марапатталды.
 

III дәрежелі дипломмен:

Рахимғалиев Ермұрат – Самар ауданы Ж. Болғанбаев атындағы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Оразбайқызы Аяла – Күршім ауданы Н. Островский атындағы №4 мектебінің 5-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).

Иванова Ярослава – Риддер қаласындағы №2 орта мектептің 6-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Қалибекқызы Аяла – Зайсан ауданы Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешенінің 6-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Оздемир Нилюфер Неда – Өскемен қаласындағы «Нұрорда» мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);

Ахметқали Айзере – Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы) марапатталды.
 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен:

Ербол Ислам – Тарбағатай ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы (жаратылыстану);

Путилин Марк – Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика салаларында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы (жаратылыстану);

Сағидолда Аруна – Өскемен қаласындағы №41 орта мектептің 5-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті);

Әсембек Инабат – Тарбағатай ауданы Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Зарыпханов Тарлан – Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика салаларында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы (математика);

Землянухин Давид – Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика салаларында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы (математика);

Сычёва Анастасия – Өскемен қаласындағы «Исток» жекеменшік жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);

Канаева Виктория – Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) марапатталды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!