2026 жылғы 13-15 мамыр күндері Талдықорған қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті.
Байқау 5 номинация бойынша өткізілді:
-
«Ілияс– эпик ақын»;
-
«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап»;
-
«Ілияс– қарасөз шебері»;
-
«Сұлу сөздің сүлейі»;
-
«Заманның заңғар тұлғасы».
Байқау қорытындысы бойыншаТарбағатай ауданы Жамбыл атындағы мектеп балабақша кешенінің 8 сынып оқушысы Нұртазанова Балнұржәне Зайсан ауданы М. Дауленов атындағы мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Ержанқызы Аружан ІІ орын иегері атанды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Зайсан ауданы Жарсу орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бейбітқызы Тұмар марапатталды.
Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлық табысталды.
Жеңімпаздар және оның жетекшілері мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!