2026 жылдың 12-15 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Астана қаласында өткен 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен «GEO STAR» Ұлттық олимпиадасына қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - географияны әлемнің кеңістіктік дамуын зерттейтін негізгі ғылым ретінде терендетіп оқыту арқылы білім алушылардың пәнге деген тұрақты танымдық қызығушылығын қалыптастыру, зерттеушілік ойлау қабілеттерін дамыту және озық халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізу.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Тоқтаубаев Әбілмансұр марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 7 сынып оқушысы Омартаев Асанәлі марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!