2026 жылы 10-12 мамыр аралығында Астана қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасын өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен мамандандырылған және жалпы орта білім беру мекемелерінен жалпы саны 200-ден астам оқушы қатысты.
Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізілді:
1. «Бейнелеушілер»;
2. «Білгірлер бәйгесі»;
3. «Жас қаламгер»;
4. «Сөз шеберлері»;
5. «Әнші-бұлбұлдар».
Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың жүлде қоры келесі медальдармен толықты:
II орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық ІТ-мектеп-лицейі» КММ-нің 10 сынып оқушысы «Бейнелеушілер» бағыты, «өзге ұлт» тобы бойынша Рябичева Виктория;
II орын - «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің 10 сынып оқушысы «Сөз шеберлері» бағыты, «қазақ тобы» бойынша Жанарбекқызы Ділдә;
III орын - Өскемен қаласы, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 11 сынып оқушысы «Әнші-бұлбұлдар» бағыты, «өзге ұлт» тобы бойынша Рожков Егор.
Білім беру гранттары Ұлан ауданы «Герасимовка орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы Ертаева Айсұлуға және Өскемен қаласының «№24 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ 11 сынып оқушысы Тургунова Мавлудахонға берілді.
Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушыларға сертификаттар берілді.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!