2026 жылдың 12-15 мамыр аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы» атты ғылыми-тарихи жобалардың республикалық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мемлекет дамуының тарихи жолын түсінуге бағытталған зерттеу және жобалау жұмыстарына тарту арқылы оқушылардың бойында «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығын дамыту, азаматтық бірегейлікті, патриотизмді қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Егемендігінің құндылықтарын құрметтеу үшін жағдайлар жасау.
Байқауға облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Байқау аясында оқушылар үш бағыт бойынша жобалар қорғады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Өскемен қаласы жалпы білім беретін №47 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Болатхан Нұрай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Олимпиаданың қатысушыларын құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!