2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық фестивалін өткізді.
Фестивальдің негізгі мақсаты - мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жасжеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру.
І (сыртай) айналым оn-line режимінде республика аймақтарының мұғалімдері үшін (Астана қ. мектеп мұғалімдерінен басқа) www.1sabak.kz сайты арқылы өтті. Оған Қазақстан Республикасының 45 білім мекемесінен тарих, география пәні мұғалімдері қатысты.
Фестивальдің қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломдармен марапатталғандар:
- Хажимурат Шаяхметович Илиуф – дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы«Жас Ұлан» ОММЛ мұражай қызметкері, Семей қаласы;
- Ерхан Салихович Макаев – дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» ОММЛ тарих пәнінің мұғалімі, Семей қаласы.
II дәрежелі дипломмен Семей қаласының №2 ОМ тарих пәнінің мұғалімі Мергенбаева Замира Ерланқызы марапатталды.
Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық тілейміз, шығармашылық жоспарларыңыз іске ассын!