+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасының қорытындысы
14 Мамыр, 11:19

2026 жылдың 13 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы №49 жалпы білім беретін мектептің базасында бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге ынталандыру.

Олимпиадаға 2-4 сыныптардың 248 оқушысы аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Қатысушылардың теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын облыстағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, оқытушыларынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 166 оқушы жүлделі орындарды иеленді, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. 

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі https://shygysdaryn.kz сайтында орналастырылған.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! 

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!