2026 жылы 12 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.
Жарыстың мақсаты: облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту,тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін - өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізілді:
1. Радиомен басқарылатын көлік модельдері;
2. Дрондар жарысы;
3. Әуе модельдері;
4. Кеме модельдері;
5. Зымыран модельдері.
Жарыс қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды, І орын – 10, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 16.
Жеңімпаздар жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!