+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
«Кеше - дәстүр, бүгін - білім, ертең - біз» атты облыстық оқушылар айтысының өткізу ЕРЕЖЕСІ
12 Мамыр, 10:03

1. Жалпы ереже

1.1.Осы ереже жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткізілетін «Кеше - дәстүр, бүгін - білім, ертең - біз» атты облыстық оқушылар айтысының (бұдан әрі – Айтыс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінің жүзеге асырылуын, байқауды өткізу мен қаржыландыру тәртібін, оқушылардың қатысуын және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін айқындайды.

1.2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі –ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын») ұйымдастырушылар болып табылады.

1.3. Айтыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық дәстүрді дәріптеу арқылы білімнің маңызын ұғындыру, өткен мен бүгіннің сабақтастығын негізге ала отырып, болашаққа жауапкершілікпен қарайтын саналы, рухани бай тұлға қалыптастыру.

1.4. Оқушылар айтысының міндеттері:

- Айтыс өнерін оқушылар арасында насихаттау;

- Оқушылардың сөздік қорын, суырыпсалмалық қабілетін дамыту;

- Дәстүр мен заманауи білімнің сабақтастығын көрсету;

- Елінің, жерінің тарихын, ұлттық құндылықтарды дәріптеу;

- Жас ұрпақтың ел болашағындағы орнын айқындау;

- Ұлттық рух пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

3. Сайысты ұйымдастыру және өткізу

2.1. Өтілетін орны: Өскемен қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі-48, «Абай атындағы №33 Орта мектебі», Акт залы.

- Сайысты ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастырушы комитет құрылады.

- Әр мектептен  оқушылар  қатыстырылады.

- Айтыс 5-11 сынып аралығында өтеді.

- Сайыскерлер жас ерекшеліктеріне қарай жұптастырылады.

- Сахнаға шығу реті жеребемен анықталады.

- Әр жұпқа 15 минут уақыт беріледі.

- Сайыскерлердің тапсырыстары 15.05.2026 жылға  дейін қабылданады.

- Тапсырыс белгіленген уақыттан кешіктірілген жағдайда қабылданбайды.

2.2. Айтыстың Талаптары:

1) Туған өлкеміздің тарихи тұлғаларын, әсем табиғатын және мәдени  мұраларын   жыр тілімен өрнектеу;

2) ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ құрылғанының 15 жылдығын тілге тиек ету;  

3) Өзінің суырыпсалма ақын  екенін көрсету, домбыра тарта білу, ұлттық нақышта киіну.

4) «Кеше – дәстүр, бүгін – білім, ертең – біз» тақырыбы аясында өткен, бүгін және болашақ арасындағы байланысты терең ашу.

2.3. Ережені сақтау:

  1. белгіленген уақытты сақтау;

  2. басқа тілден енген жаргон, әдепсіз сөздерді қолданбау;

  3. сахна мәдениетін  сақтау;

  4.  тақырып аясынан ауытқымау.

2.4. Айтыс 2026 жылдың 19 мамырында өткізіледі. Айтысқа қатысу үшін қалалар мен аудандардың білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінімді 2026 жылдың 15 мамырға дейін көрсетілген Whatsapp номеріне жіберулеріңізді сұраймыз: 87776482643 жіберулеріңізді сұраймыз (Даукенова Эльмира Мырзабековна).

2.5. Айтысты өткізу барысын қадағалау және ұйымдастыру жұмысының дайындығын іске асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.6. Ұйымдастыру комитеті Айтыстың қорытынды кезеңінің өткізілу орнын белгілеп, дайындық жұмыстарын жүргізуде тікелей басшылық етеді, қазылар алқасының құрамын, іс-шараның өткізу бағдарламасын, қатысушылардың тізімін бекітіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

2.7. Қазылар алқасының құрамы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан және аға оқытушыларынан, облыстық орталықтардың қызметкерлерінен, жазушы журналистерден тұрады.

2.8. Қазылар алқасы:

- қатысушыларды білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді, талдау жасайды және 5 балдық жүйемен бағалайды;

- қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

- жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

- байқаудың қорытындысы туралы есеп береді.

3. Қорытындылау және марапаттау

 

3.1.  Жеңімпаздары ДпҚББДШҚҒӘ«Дарын» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

3.2. Әділ қазылар жеңімпаздарды анықтайды.

3.3 Бір - бас жүлде

3.4. Бір – бірінші орын

3.5. Екі – екінші орын

3.6. Үш  – үшінші орын

3.7. Барлық сұрақтар бойынша 78-52-63 нөмері және ұялы телефон  87776482643 (Даукенова Эльмира Мырзабековна) хабарласуға болады.

4. Айтысты қаржыландыру

4.1. Облыстық кезеңге қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (барып - келу жолы, жататын орны мен тамақтануы) жіберуші жақ есебінен төленеді.