+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
9–11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы
06 Мамыр, 17:24

2026 жылғы 2-6 мамыр аралығында Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданы «Дарын» рсепубликалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігімен бірлесе өткізді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласындағы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту, жастар арасында қаржылық мәдениетті кеңінен тарату.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІII дәрежелі дипломмен және қола медальмен Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Айкенев Эмир марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

- Гребенюкова Полина - Алтай ауданы, Алтай қаласының №7 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Габитова Карина - Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы марапатталды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!