2026 жылдың 30 сәуірінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі Ұлттық тестілеу орталығының базасында облыстың ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі өткізілді.
Олимпиада ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау мақсатында өткізілді.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне І кезеңінің жеңімпаздары болған 58 оқушы қатысты.
Олимпиада математикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша компьютерлік тестілеу форматында өтті.