2026 жылдың 29-30 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары облыстық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:
1 бағыт - «Туған өлке табиғаты»;
2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;
3 бағыт.-«Үздік экологиялық бастама»;
4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша:
I дәрежелі дипломмен:
Ертайұлы Нұрым - Тарбағатай ауданы, Абай атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы (бағыты: «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем»);
Когай Даниил - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы (бағыты: «Үздік экологиялық бастама»);
Курносенко Егор - Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы (бағыты: «Үздік экологиялық бастама») марапатталды.
II дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы №47 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Сайлаубеков Шыңғыс (бағыты: «Туған өлке табиғаты») марапатталды.
III дәрежелі дипломмен Үлкен Нарын ауданы Солоновка орта мектебінің 7 сынып оқушысы Альбертқызы Мөлдір (бағыты: Туған өлке табиғаты) марапатталды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!