+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
12 Нау, 06:22

 

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталының техникалық қолдауымен бірлесе оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеру, дарынды оқушыларды айқындап, дамыту үшін жағдай жасау, табысқа жетулерін уәждеу мақсатында негізгі ғылымдар бойынша Интернет арқылы қашықтық облыстықтан олимпиада өткізеді.

Қашықтықтан өткізілетін олимпиада келесі пәндер бойынша: биология (жаратылыстану), ағылшын тілі, информатикадан тест түрінде өткізіледі. Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатыса алады. Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға кесте бойынша бір оқушы бір және одан да көп (бәрі) пәндерден қатыса алады.

Қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу ерікті, ақылы негізде. Бір пән бойынша қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 400 теңге.

Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың кестесі:

2013 ж. 10 сәуір – информатика;

2013 ж. 11 сәуір – ағылшын тілі;

2013 ж. 12 сәуір – биология (жаратылыстану).

Қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың өткізу ережесі туралы ақпарат shygysdaryny. kz сайтына қойылған.

2013 жылдың 18 наурызына дейін қалалық (аудандық) білім беру бөлімдерінің бастықтары мен дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінің директорлары бекіткен қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысуға өтінімдер мен төлем ақысының түбіртегінің көшірмесін мына факс телефонына 8/7232/552112, E-mail: vk_daryn@mail.ruжіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Оқушының аты жөні

(туу туралы куәлік бойынша)

Қала/ аудан

Мектеп

Сынып

Биология

(ия немесе жоқ)

Ағылшын тілі

(ия немесе жоқ)

Информатика

 (ия немесе жоқ)

Оқыту тілі

Элект-ронды жәшік

Мұғалім-нің аты-жөні

( төл құжат бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтінім MS Excell форматында жіберіледі (қосымша файл MS Excell форматында).

Ақыны төлеу деректемелері:

КҚМК ШҚО ӨҒП «Дарын» орталығы

РНН 181600062103

АО АТФ Банк Өскемен қ.

Р/с KZ 92826F0KZTD2000869

БИК ALMNKZKA

БИН 990840001922

КБЕ 16