2026 жылдың 27-30 сәуір күндері Өскемен қаласында «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты – орта білім беру ұйымдарының білім алушыларында «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім, тәсіл және дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтау.
Олимпиада теориялық және практикалық бөлім бойынша екі жас тобында өткізілді:
1 - топ – 5-6 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл бала, 5 қыз бала);
2 - топ – 7-8 сыныптар – 10 оқушы (5 ұл бала, 5 қыз бала).
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
5-6 сыныптар арасында:
І орын – Алтай ауданының командасы;
ІІ орын – Ұлан ауданының командасы;
ІІІ орын – Риддер қаласының командасы.
7-8 сыныптар арасында:
І орын – Өскемен қаласының командасы;
ІІ орын – Ұлан ауданының командасы;
ІІІ орын – «Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!