+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың қорытындысы
30 Сәу, 14:36

2026 жылдың 27-30 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданы өткізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9-11 сынып оқушыларының білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында республиканың білім беру ұйымдарының 200-ден астам дарынды оқушысы жиналды.

Олимпиада дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңі эссе жазу мен сұрақтарға ауызша жауап беруді қамтитын екі айналымнан тұрды.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 83 жеңімпаз бен жүлдегерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары табыс етілді. I дәрежелі дипломмен 16, II дәрежелі дипломмен 23, III дәрежелі дипломмен 44 оқушы марапатталды. Ерекше жетістіктері үшін Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына 15 оқушы ие болды.

Олимпиаданың қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша облыс қоржыны 5 орынмен толықты.

Қазақстан-Американдық еркін университетінің білім гранты Шығыс Қазақстан облысы, Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Секенова Аружанға және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім гранты Абай облысы, К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айдынқызы Ұлпанға табыс етілді.

Мәдени-танымдық бағдарлама аясында қатысушылар мен жетекшілер үшін облыстық драма және оперетта театрында «Қар қызы» спектакілін тамашалау, сондай-ақ психологиялық тренингтер мен кешкі бағдарлама ұйымдастырылды.

Жетекшілер үшін Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Сәттіліктер мен жоғары жетістіктер тілейміз!