+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының Республикалық көрме-байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
30 Сәу, 11:10

 

2026 жылы 15-17 сәуір күндері «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының Республикалық көрме-байқауы қашықтық форматта өткізілді.

Көрме-байқауды  ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Шығыс Қазақстан облысынан көрме-байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған жеті оқушы қатысты.

Көрме-байқаудың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысушылары жүлделі орындарға ие болды:

  • І орын: Кумаранов Амир, Тарбағатай ауданының «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы, «Металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формада мүсіндер жасау» номинациясы;
  • ІІІ орын: Бақытбекұлы Бағнұр, Өскемен қаласының «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы, «Ағаштан, тастан, саздан (қыш, саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!