+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты облыстық семинарының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
27 Сәу, 13:35

2026 жылғы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығыШығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбектің, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін қадағалау бөлімінің бас маманы А. Кокебаеваның, ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жұқпалы және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің бас мамандары Ю. Вяловамен С. Айдарбекованың, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманыА. Сыйхымбаеваның, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары М. Мұқашевтің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы М. Рахимжанованың, ШҚО Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, ювеналдық полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Д. Ескермесованың, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Ж. Абильмажинованың, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының директоры Г. Рахимжанованың, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жауапты білім бөлімдерінің өкілдері және балалар сауықтыру орталықтарының директорларының қатысуымен «2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде ауылдық және мектеп жанындағы балаларды сауықтыру орталықтарында оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.

Семинар барысында балалардың қауіпсіз жазғы демалысының өзекті мәселелері талқыланып, балаларды сауықтыру орталықтарына лицензия алу үшін 2026 жылы балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары мен келешегі айқындалды.

Семинарға облыстың білім бөлімдерінің балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға жауапты өкілдерімен балаларды сауықтыру орталықтарының директорлары қатарынан 40 тыңдаушы қатысты.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының тұрақты бақылауында.