Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының республикалық фестивалінің облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді (әрі қарай – Фестиваль).
Фестивальдің мақсаты – балалар кинематографиясын қолдау және насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту, олардың өзін-өзі көрсетуіне қолайлы жағдай жасау, кинематография арқылы білім алушылардың бойына моральдық-адамгершілік, эстетикалық және этикалық құндылықтарды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің рухани, зияткерлік және шығармашылық дамуына ықпал ету, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, балаларды қосымша біліммен қамту.
Фестивальға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының аудандық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді:
-
«Ойынды кино»;
-
«Деректі кино»;
-
«Анимация»;
-
«Үздік бейнеклип, бейнеролик»;
-
«Телевизиялық сюжет»;
-
«Балаларға арналған ең үздік телебағдарлама»;
-
«Үздік ғылыми-танымал фильм».
Фестивальдің қорытындысы бойынша 32 жеңімпаз анықталды: I орын - 7, II орын - 10, III орын - 15.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Фестивальдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!