2026 жылдың 20-22 сәуір аралығында Астана қаласында «KERUEN SCINCE» химия және биология пәндері бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен:
Нығмет Нұрасыл – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы;
Акилжанов Богдан - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
Рахметолла Асылжан - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы;
Сағындық Санжар - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы;
Айдаров Амирали - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 7 сынып оқушысы;
Азаматов Ернұр - Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8 сынып оқушысы марапатталды.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!