2026 жылғы 20-21 сәуір күндері Өскемен қаласында «№50 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикалық кросстан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
Лигаға Өскемен қаласы, Алтай, Глубокое, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын, Ұлан аудандарының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
Қыздар арасында:
І орын – Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Глубокое ауданы, «Уварово орта мектебі» КММ-нің командасы;
ІІІ орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының №6 орта мектебі» КММ-нің командасы.
Ұлдар арасында:
І орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының №6 орта мектебі» КММ-нің командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің командасы;
ІІІ орын – Глубокое ауданы, «Уварово орта мектебі» КММ-нің командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!