+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Ағылшын және неміс тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы
22 Сәу, 11:35

2026 жылдың 17 мен 21 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Петропавл қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ағылшын және неміс тіліпәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Зайсан ауданындағы Шілікті орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қайырбек Ернұр (ағылшын тілі)марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

Воробьёв Тимур – Алтай ауданындағы Андрей Сумин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Мадени Батырхан – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Логейко Михаил – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Жарқанқызы Еркежан – Өскемен қаласындағы №24 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (ағылшын тілі);

Кузнецов Андрей – Өскемен қаласындағы №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы (неміс тілі).

«Үздік ауыл мектебінің оқушысы» номинациясы 11 сынып оқушылары Қайырбек Ернұр мен Воробьёв Тимурға табысталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!