2026 жылғы 15-16 сәуір күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Турнирге еліміздің 20 аймағынан келген жалпы саны 180 жас пікірсайысшылар қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 9 жеңімпазы қатысты.
Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Алтай ауданының «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы Саматқызы Аружан «орыс лигасы» санаты бойынша «Ең үздік ойыншы» номинациясына қол жеткізді. Аружанға диплом мен бағалы сыйлық табысталды.
Аружан мен оның жетекшісін және ата-анасын құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!