Білім алушылар арасында тоғызқұмалақты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 16-17 сәуір күндері «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға Өскемен қаласы, Зайсан, Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай, Үлкен Нарын және Ұлан аудандарының командалары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – Ұлан ауданының құрама командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласының құрама командасы;
ІІІ орын – Тарбағатай ауданының құрама командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!